Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Сүйінші! Қызымыз дүниеге келді": Илья Ильин отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті (видео)

"Сүйінші! Қызымыз дүниеге келді": Илья Ильин отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті (видео)
инста парақшасынан
Белгілі ауыр атлет Илья Ильиннің қызы бүгін дүние есігін ашты.

Cпортшы сүйінші жаңалықты Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады KҮN.KZ.

"Сүйінші, қазақ елі! Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауға болады. Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматшасы - Ильина Аили Ильинична. Әйелім жоспарлы кесарь тілігімен босанды, бәрі жақсы өтті. Қызымыздың бойы - 50 см, салмағы - 3 кг 178 гр", - деп жазды Илья Ильин.

Танымал спортшы қолдап, тілектерін жаудырған оқырмандарына алғыс білдірді.

"Біз сіздерді қатты жақсы көреміз! Келесі видеоларда кездескенше", - деді ол.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар