Басты жаңалықтар
Атырауда балабақша қызметкерлері жұмыс орнында ішімдік ішкен
- автор kyn.kz
- 21 ақпан, 2024
- 1.7k
Атырауда жергілікті балабақша қызметкерлері делінген адамдардың дастархан басында ішімдік ішіп отырғаны түсірілген видео тарады.
Жағдайға қатысты облыстық білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды KYN.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Желіде әйелдердің ішімідікке ұқсас сусын ішіп отырғаны түсірілген видео тарады. Үстел үстінде бөтелке мен сусындар тұр. Видео сипаттамасында бейнежазбадағы кейіпкерлер Атыраудағы балабақшалардың бірінің жұмысшылары.
Атырау облысы білім басқармасы аталған фактті растады. Алайда бұл жағдай өткен жылы күзде болған екен.
"Бұл ескі видео. Кеше біз теріске шығардық. Видеода педагогтер емес, техникалық қызметкерлер. Олар дереу жұмыстан шығарылған", - деп хабарлады ведомство өкілдері басылымға.