Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Майқайыңалтындағы" апат: инвесторлар руда орнын топырақпен толтырмай, бетін жауып кете берген

"Майқайыңалтындағы" апат: инвесторлар руда орнын топырақпен толтырмай, бетін жауып кете берген
Павлодар ТЖД
Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасарының сөзінше, инвесторлар руда орнын топырақпен толтырмай, бетін жауып кете берген

ТЖМ Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев "Майқайыңалтындағы" апат басқа кен орындарында қайталануы мүмкін екенін айтты. Ол инвесторлар руданы алған соң, бос орынды топырақпен толтырмайтынын айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Оның сөзінше, бұған дейін жер қойнауындағы қазба байлықты игерген инвесторлар рудалардың орнын топырақпен толтырмай, тек бетін жауып кете берген.

"Рудаларды алғаннан кейін, әрине, бос орындар қалады. Бірақ ол бос орындарды толтыру керек. Майқайыңда бос орынды бітеу деген ұғым бар. Сонымен толтыру керек болған. Бірақ та ол жерде жобаға өзгеріс енгізіп, толтыратынын алып тастаған. Сондықтан бос орын қалды", - деді ТЖМ Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев.

Телеарна мәліметінше, төтеншеліктердің ендігі бас қатырып отырғаны мәселесі 30 жылдан бері күндіз-түні қазылған кен орындарындағы апаттың алдын алу. Қазіргі таңда іші қуыс қалған кен орындары тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Майқайыңалтын" аумағында шұңқырға құлаған екі адамның денесін іздестіру 30 наурызда жалғасуы мүмкін, деді өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары.

Мұсабаевтың сөзінше, тау жынысының құлау қаупін енді сараптама қорытындысы көрсетуге тиіс. Әзірге алғашқы сканерлеу нәтижесі құлаған автобустың тағы да жеті метр тереңдікке сырғығанын анықтаған. Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару жұмыстарына шетелдік мамандардың тартылмайтынын ашып айтты.

Дереккөз: КТК

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар