Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте полиция подполковнигі 4 бірдей қылмыс жасаған

Шымкентте полиция подполковнигі 4 бірдей қылмыс жасаған
ашық дереккөзі
Шымкентте полиция подполковнигі 4 қылмыстық ісі үшін сотталды.

 

44 жастағы қызметкерге қызмет бабын асыра пайдаланды, ірі көлемде ұрлық жасады, алаяқтық және пара беруге итермеледі деген айып тағылды, деп хабарлайды KYN.KZ Caravan.kz порталына сілтеме жасап. 

Ол бұған дейін мегаполистегі Абай аудандық полиция басқармасында бөлім басшыларының орынбасары болып қызмет атқарған.

Ол 2022 жылы шұғыл іздестіру шаралары кезінде тәркіленген феррола сұйықтығының біраз бөлігін қолды қылған.

Осылайша жәбірленушіні 85 миллион теңгеден астам материалдық шығынға батырған.

Полиция подполковнигі 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар