Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында суық күнде ми далада түнеп, өзіне шұңқыр қазып тұрып жүрген әйел табылды

Түркістан облысында суық күнде  ми далада түнеп, өзіне шұңқыр қазып тұрып жүрген әйел табылды
Ашық дерек көзі
Тұрғындардың бірі дала кезген әйелді байқап, дереу полицияға хабарлаған

Түркістан облысында жазық далада жалғыз өзі түнеп жүрген әйел табылды. Егде жасты еңсерген келіншектің ен далада қашаннан бері әрі қалай күнелтіп жүргені белгісіз. Тіпті, кейуана қақаған суықтан аман қалу үшін айдаладан шұңқыр қазып, сол жерде қонған көрінеді. Осылайша күнелтіп жүрген келіншекті жергілікті тұрғындардың бірі байқаған. 


Бұл әйел кім? Туыстары бар ма? Осындай күй кешуіне не себеп? 

Аталған бейнематериал Түркістан облысы Шардара ауданында түсірілген. Жантақ арасында жалғыз тұрып жатқан әйелді тұрғындардың бірі көріп, дабыл қаққан. Сөйтіп, бұқарадан көмек сұраған азаматтың видеосы жергілікті полицияға жетіп, тәртіп сақшылары кейуананы оңалту орталығына тапсырғандарын айтады.

      "Ол өзі сәл ақыл-есін білмейтін кісі екен. Ұлты да қазақ емес. Башқұртстаннан келген ба сондай дейді. Оны прям сол күні анықтап, полиция Шымкенттегі дағдарыс орталығы бар ғой?! Сол жерге өткізіп тастады полиция қызметкерлері" дейді істі назарға алған  Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар