Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрлан Еспановтың ұлы қыздарға жазған бей әдеп хатынан кейін жұмысынан қуылды

Нұрлан Еспановтың ұлы қыздарға жазған бей әдеп хатынан кейін жұмысынан қуылды
Ашық дерек көзі
Қазақ сахнасында ән шырқап жүрген өнер адамдарының бірі, танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановтың бейтаныс қыздарды қонақ үйге шақырып, оларға жазған интим хаттары көпшілікке тарап кетті. Соның салдарынан белгілі әншінің ұлы қызметінен де қуылды.

       Тіпті, жұмыс берушісі Сүлеймен Демирель университетінің ұжымы бұрынғы қызметкері үшін елден кешірім сұрап, ұялған сыңай танытты. Сонымен қоса, Еспановтың педагогикалық бағытта жұмыс істемегенін хабарлап, бұрынғы қызметкерінің осындай келеңсіз жағдайға қалдырғанына өкінішін білдірді. 
Аталған мәселе бойынша С. Демирель атындағы оқу ордасының экс қызметкері О.Оспанов былай деп ақталды: 
        – Мен шықпай жүр екенмін ғой Тик-Токқа. Мен жазбай жүр екенмін ғой қыздарға. Жазсам, осылай осы жетіспей жүр екен ғой сіздерге. Осылай біреудің шалынып құлағаны. Осылай сурет, перепискалары шығып кеткені. Алланың алдында бәріміз жауап береміз әрбір жасаған ісімізге. Оған еш күмәндарыңыз болмасын. Әркім не істесе соған жауап береді. Мен өзімнің істегеніме жауап беремін. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар