Ақмола облысында шенеуніктер 3 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген деген күдікке ілінді
- автор kyn.kz
- 26 ақпан, 2024
- 1.0k
Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KYN.KZ хабарлайды.
Қадағалаушы органның ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеру жүргізген. "Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғалары 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келгені анықталды. Бұл факт бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп мәлімдеді Ақмола облысы прокуратурасының өкілдері. Бұл баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.