Спорт
Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды
- автор kyn.kz
- 26 ақпан, 2024
- 1.7k
Бас Ассамблея мүшелері оның кандидатурасын бір ауыздан қолдады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Бұл туралы KYN.KZ ҰОК-ның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін, 26 ақпанда Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Сол отырыста Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды. Бас Ассамблея мүшелері оның кандидатурасын бір ауыздан қолдады.
2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді. Ұлттық олимпиада комитеті – Қазақстанның Олимпиада ойындарындағы құрама командасын реттейтін ұйым. Аталмыш ұйым 1990 жылы құрылды.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
«Әке» деді»: Илья Ильин қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 29 қазан, 2024