Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Күйеуге тиме": Нұржан Керменбаев жаңа әнін дұрыс түсінбегендерге жауап берді (видео)

"Күйеуге тиме": Нұржан Керменбаев жаңа әнін дұрыс түсінбегендерге жауап берді (видео)
инста парақшасынан
Әншінің айтуынша, желі қолданушыларының арасында әннің қайырмасын түсінбей, сынағандар болған.

Әнші Нұржан Керменбаев жақында көпшілікке Qazaqsha disco атты жаңа ән ұсынды. Өнер иесі аталмыш әннің сөзін сынаған, дұрыс түсінбеген тыңдармандарына Instagram желісіндегі парақшасында жауап берді, деп жазады KYN.KZ.

Керменбаевтың Qazaqsha disco әнінің қайырмасында "Күйеуге тиме! Күйеуге тиме! Дей ме, біреулер әлде?" деген жолдар бар. Әншінің айтуынша, желі қолданушыларының арасында әннің қайырмасын түсінбей, сынағандар болған.

Нұржан Керменбаев жаңа туындысына сын айтқан оқырмандарына жауап ретінде әннің қайырмасын түсіндіріп берді.

"Қыздар, күйеуге шығыңдар. Отбасы құрыңыздар! Жалпы қыз баланың басты мақсатының бірі сол деп ойлаймын. Біз "күйеуге тиме" деген насихат айтпадық. Автордың бейнелеуі бойынша, жігіт қызға сөз салады. Ал қыз арманымен, қиялымен екі ойлы болып тұрады. Осы кезде жігіт қыздан "Біреу саған күйеуге шықпа деп жүр ме? Құрбыларың, жақындарың тұрмысқа шықпа деп айтады ма?" деп сұрайды. Оны сіздер басқаша бұрмалап алыпсыздар. Негізі біздің айтқымыз келгені мүлде басқа. Сіздердің бұрмалап алғандарыңыз мүлде бөлек", - деді Нұржан Керменбаев. 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар