Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте әйелін қызғанған ер адам оны таспен ұрып, бетін пышақпен тіліп тастаған

Шымкентте әйелін қызғанған ер адам оны таспен ұрып, бетін пышақпен тіліп тастаған
natasaadzic/Getty Images
Түркістан облысының 32 жастағы тұрғыны азаматтық некедегі әйелін соққыға жыққаны үшін сотталды.

Ер адам әйелдің беті пышақпен тілгілеген, деп хабарлайды Қылмыстық істер жөніндегі Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сілтеме жасаған KYN.KZ.

Іс материалдары бойынша ер адам Шымкентте азаматтық некедегі әйелімен пәтерді жалдап, бірге тұрған. Сонымен қатар жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны жиі ұрып-соққаны үшін ол тіпті әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қыркүйек айында әйел медициналық орталықта емделген. Сол кезде кезде ер адам көршілерінен әйелдің басқа еркектермен сөйлесіп жүрді деп естіген.

Қызғаныштан ол медициналық мекемеге келіп, сыртқа әйелді шақырып, оны қолмен, аяқпен, тіпті таспен ұра бастаған. Сонымен қатар пышағын суырып алып, сүйіктісінің бетін тілгілеген. Кейін ол полицияға өзі барған.

Көптеген дене жарақатын алған әйел медициналық орталықтан №1 қалалық ауруханаға жатқызылып, ұзақ уақыт емделуге мәжбүр болған.

Ол азаматтық некедегі күйеуін кешірмей, қылмыстық іс қозғауды талап еткен. Ер адам Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленуші сот үкімі заңды күшіне енген кезде сотталған адамнан моральдық зиян мен материалдық шығынды өтеуді талап етті.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар