Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қолыма күшім енді оралды": денсаулығы сыр берген Құрманай Бақтиярқызы қазіргі жағдайы туралы айтты (видео)

"Қолыма күшім енді оралды": денсаулығы сыр берген Құрманай Бақтиярқызы қазіргі жағдайы туралы айтты (видео)
инста парақшасынан
Өнер иесі әлеуметтік желіге қайта оралып, оқырмандарына жағдайын айтты.

Осыдан бір ай бұрын Құрманай Бақтиярқызының денсаулығы сыр беріп, ауыр хәлде екені белгілі болған еді. Өнер иесі әлеуметтік желіге қайта оралып, оқырмандарына жағдайын бөлісті, деп жазады KYN.KZ.

"Қазақ елінің барына, менімен ауырған жанына, маған дұға арнап атқызған таңына шексіз алғыс айтамын. Бүгін парақшамды өз қолыма алдым. Палатаға шыққалы біраз болса да, қолыма күшім енді оралды. Әлсіздік болғанымен көңілім орнында. Бәріңізді жақсы көрем", - деп жазды Құрманай Бақтиярқызы Instagram желісіндегі парақшасында. 

Осыған дейін Құрманай Бақтиярқызының ауыр хәлде екені белгілі болған еді. Кейінірек өнер иесі есін жиып, денсаулығы жақсарған. 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар