"Алматыда қалғаны жаман екен": жер сілкінісінен қорыққан Сәдуақасова Қызылордадан пәтер алды (фото)
- автор kyn.kz
- 6 наурыз, 2024
- 1.0k
Әнші Мадина Cәдуақасова İnstagram әлеуметтік желісінде қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Қызылорда қаласынан пәтер алғанын жазған ол күліп тұрған фотосының жанына "Түркістаннан шығып, Қызылордаға қайта келдім. Қызылордадан үй сатып алдым", - деп жазып қойды.
Сондай-ақ әнші келесі жазбасында Алматыдағы жер сілкінісінен көңілі алаң боп қалғанын жасырмады. " Балам, ата-анам, туыстарым, әр адамды ойладым. Өзің басқа жақтасың, ал жақындарың Алматыда қалғаны жаман екен. Алла сақтасын. Сол күні қолымнан телефон түспеді", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, 4 наурыз күні сағат 11:22-де Алматыда жер сілкініп, тұғындар көше жағалап кеткен болатын. Осы оқиғадан кейін Әнші Ерке Есмахан да әлеуметтік желідегі парақшасында көшетінін хабарлаған.