5 наурызда Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының шешімімен Данияр Өтемұратовқа қатысты үкім өзгертілді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ақпан айында Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы оны алаяқтық жасады деп танып, 5 жылға бостандығын шектеу жазасын берген болатын. Апелляция шағымы негізінде прокурор істі қайта қарап, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сондай-ақ қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге ауыстырылды.Сот үкімі оқылғаннан кейін Өтемұратов сот залынан қамауға алынды.
Бұған дейін 3 ай қамауда ұсталған уақыттағы 1 күні жазаны өтеудің 1,5 күні ретінде есептеледі.
Айта кетейік, Қазақстандағы ықпалды бизнесмендердің бірі Болат Өтемұратовтың туысы былтыр қараша айында ұсталған болатын.