Спорт
Комаға түскен боксшы Айдос Ербосынұлы рингке оралатынын мәлімдеді
- автор Admin
- 7 наурыз, 2024
- 581
"Бірі қолдаса, бірі қарсы болды".
Боксшы өзінің Instagram әлеуметтік желідегі парақшасына кәсіпқой спортқа оралғысы келетінін мәлімдеді. "Мен кеше оқырмандарымнан бокс әлеміне қайта оралғанымды қалайсыздар ма деп сұрап едім. Әртүрлі жауап болды. Бірі қолдаса, бірі қарсы болды. Баршаларыңызға рахмет. Десе де бокс әлеміне қайта ораларым хақ. Жақын күндері жақсы жаңалық айтамын", – деді ол видеода.
Айта кетейік, 2022 жылы 5 қарашада кубалық Дэвид Моррельге қарсы жекпе-жекте ауыр нокаутпен жеңілген Айдос Ербосынұлы жасанды комаға түскен болатын. WBA нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу үшін кездесу 12 раундқа созылған еді. Алайда ол жекпе-жектің бітуіне 30 секунд қалғанда нокаутқа түсті.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024