Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шахматшы Бибісара Асаубаева Мәскеудегі турнирде жеңіске жетті

Шахматшы Бибісара Асаубаева Мәскеудегі турнирде жеңіске жетті
Жарыстың жүлде қоры 74 млн теңге.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева «Аэрофлот Опен 2024» шахмат фестивалінде бірінші орын алды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Додаға FIDE рейтингінде 2 мың 300 ұпайдан жоғары шахматшылар қатысқан. Бибісарамен бірге фестивальде еліміздің намысын Қазбек Нөгербек (18 орын), Даниал Сапенов (21), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) те бар. Турнирге барлығы 500-ден астам адам қатысты, – делінген Қазақстан шахмат федерациясының хабарламасында.

Байқаудың негізгі жүлде қоры – шамамен 74 миллион теңге. Балалар турнирінің бұрын-соңды болмаған жүлде қоры 1 миллион рубль (5 миллион теңге шамасында) болғаны айтылады.

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар