Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бандиттер басып кірді": Аша Матай "Қалаулым" бағдарламасының шындығын ашты

"Бандиттер басып кірді": Аша Матай "Қалаулым" бағдарламасының шындығын ашты
Taboo бағдарламасынан стоп кадр
Тележүргізуші: бағдарламаны жабу үшін, жүргізбеуім үшін қомақты қаржы ұсынды.

Тележүргізуші Аша матай жұрт сынына қалған "Қалаулым" бағдарламасындағы шым-шытырық жағдайлар жайлы айтты. Жүргізушінің сөзінше эфирдегі ұрыс-керістен бөлек, кадр сыртында талай оқыс оқиғалар болыпты. Бірі бағдарламаны жабамыз деп күш салса, енді біреулер Ашаның орнына эфир жүргізуге таласқан. Тіпті тікелей эфирдегі шоуды тоқтатуды көздегендер  бағдарлама барысында түсірілім тобына шабуыл жасапты, деп жазды KYN.KZ   тіллшісі.

"Бағдарламаны жүргізбеуім үшін қомақты қаражат ұсынған кісілер де болды. Қанша қаражат екенін айтпай-ақ қояйын. Сол кезде өте көп сомма. Ол бағдарламаны жабу үшін де, менің жүргізбеуім үшін де ақша ұсынды. Менің орныма басқа жүргізуші қойғысы келді. Тікелей эфирде ауыр кездер көп болды. Біреу талып қалып жатты, менің денсаулығым да сыр беріп әрең жүргізген кездер де болды.

Жедел жәрдем шақырғанбыз. Бір жағынан сол үшін де жобаны жүргізудің қажеті жоғын түсіндім. Бір емес, бірнеше рет жүргізушіліктен бас тарту туралы әңгіме қозғалды. "Сенің орныңа басқа жүргізуші таптық, егер келіссең ақша береміз, рақметімізді айтамыз" деді. Тікелей эфир жүріп жатқанда студияға бандиттер кіріп келіп, редакция қызметкерлерімен төбелескен жағдай да болды. Бағдарлама раысмен шынайы еді. Отырған қатысушылар да өмірде сондай болған. Ал жұрт оған сенбейді", - деді Аша Матай Анар Батырханға берген сұхбатында.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар