Мәдениет
"Жардай қылмай әдемі түсіріңдер": Жүнісова концертіне жиналған жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
- автор kyn.kz
- 11 наурыз, 2024
- 4.4k
Әнші: базарда көріп қалғандар "өмірде әдемісіз" дейді. Ал теледидарға табақтай қылып түсіресіздер.
Әнші Мақпал Жүнісова қашанда өз тыңдармандары алдында қарапайым. Өзі жайлы әзілдері тыңдарманын қашан да күлкіге қарық қылады. Бұл жолы өз концертінде оператор жігіттерге өтінішін халық алдында айтқан Жүнісова жұртты ду күлкіге қарық қылды.
"Теледидарға табақтай қылмай, дұрыстап түсіріңдер. Базарға жиі барам. Сол жерде "Қандай әдемі келіншексіз? Теледидардан қарасақ, жардай боп, семіріп тұрасыз" дейді. Баяғыда Зәкең де "Менің әйелім "нормальный" сияқты еді. Теледидардан көрсем, танымай қаламын" деп айтатын.
Сондықтан құрметті, концертті түсіріп тұрған жігіттер! Мені бір сағатқа болса да, өз әйеліңіздей жақсы көріп, әдемілеп түсірулеріңізді өтінемін", - деді Мақпал Жүнісова.
Келесі мақала
Таразда қойма өртке оранды
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024