Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қосшыда салық органының қызметкері декларация тапсыруға келген 5 тұрғынның атынан кредит алған

Қосшыда салық органының қызметкері декларация тапсыруға келген 5 тұрғынның атынан кредит алған
ашық дереккөзі
Алаяқ салықшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Қосшы қаласында салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық әшкере болды.

Ақмола облыстық прокуратурасының ақпаратынша, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыруға шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп алған. Сосын жәбірленушілердің атына онлайн микрокредит рәсімдеп, ақшаны өз шотына аударған.

"Қосшы қаласы прокуратурасының нұсқауын орындау барысында алаяқ анықталып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

Облыстық прокуратура азаматтарға түрлі қаржылық операцияларды жүргізу кезінде сақ болуды ескертті.

Дереккөзі:sputnik.kz

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар