Астанада Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысы басталды
- автор Admin
- 11 наурыз, 2024
- 554
Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Сот отырысына қоғам белсенділері мен журналистер кіргізілмеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұрынғы министрдің әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысы қашанға дейін жалғасатыны белгісіз. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің кісі өлтіру және азаптау бабы бойынша айып тағылып отыр.
Баспасөз қызметкерлері мен қоғам белсенділері сот отырысын арнайы басқа залдағы экраннан іздеп отыр.
Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Осы оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынған.