"Еркін ерегіседі, мені төбелестіреді": Бағлан қазір "қажы" боп жүрген достарының сырын ашты
- автор Admin
- 12 наурыз, 2024
- 29.6k
Танымал әнші Бағлан Абраимов өзінің İnstagram парақшасында "Жігіттер" квартиетіндегі достарының жастық шақтағы қызықтарымен бөлісті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Еңбек жолымды 2001 жылы кафеде музыкант болып бастағанмын. Ол кезде бір әнге тапсырыс беру құны 200 теңге болатын. Сол кездері күніне аз дегенде 2000 теңге табатынбыз. Алатын стипендиям 3500 теңге ", – деп бастады сөзін Абраимов жазбасында.
Күндіз оқуға барып, түнде жұмыс істеген өнер иесі сырттай ақ көңіл көрінгенімен бұзық болғандарын да жасырмады.
"Кафеге келген талай клиент жағадан алып, мазаны алатын. Ердостың тісі сынып, Еркіннің көзі көгеріп, Айдар гитарасын құшақтап талай тепкіден де өткенбіз. Үшеуіне мен қарайтынмын. Еркін ерегіседі, мені төбелестіреді. Айдармен Ердос не за что ілініп кететін. Қанаттарын қатайтып, адамға қатарына қостық қой, әйтеуір. Қазір ғой бәрі ҚАЖЫ! Бала болсақ та, шын дос болдық. Сол достықтың арқасында 2000 жылдан бері бір нанды бөлісіп жеп жүрміз. Кейін барып Еркін икра қосылған нан жегісі келіп кетті. Уақыт өте нан бөлек жесек те, дастархан бір болды ", – деп еске алды ол қызыққа толы күндерін.
Айта кетейік, Бағлан, Еркін, Айдар, Ердос қазақ сахнасына "Жігіттер " квартиеті боп аяқ басқан болатын. Бүгінде олар топ боп та, жеке де ән шырқап жүр.