Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бурабайда 27 жастағы бойжеткеннің өлі денесі табылды

Бурабайда 27 жастағы бойжеткеннің өлі денесі табылды
Дереккөз: istock / KatarzynaBialasiewicz. Суретте: Бойжеткеннің өлі денесі
Бурабайдағы Балдаурен лагері маңында ресейлік қыз баланың өлі денесі табылды.

11 наурыз күні таңғы сағат 7-де Балдаурен лагері маңындағы шлагбаумның жанында қыз баланың өлі денесі табылды, деп хабарлайды @aqmolive -қа сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Өлі қыздың аты-жөні Татьяна Михаилова. 1997 жылы туған қыз бала жабайы иттерге тамақ беру үшін сыртқа шыққан. Ресей азаматы екені анықталған марқұм екі жылдан бері Шучинск қаласында тұрып жатқан.

"Денесінде зорлық–зомбылықтың ізі байқалмаған. Азаматшаның денесі Мамандандырылған ауданарлық сотқа жолданды", – делінген хабарламада. 

Бірге тұрған азаматтың сөзіне қарағанда, Татьяна сағат 19:00 шамасында қоңырау шалып, ыстық ванна дайындап қоюын өтінген екен. Қатты тоңып қалғанын жеткізіп, үйге қайтатынын айтқан. Кейін бойжеткен байланысқа шықпаған.

Марқұмның алкогольдік ішімдікке әуестігі болмағаны, есепте тұрмағаны белгілі болды. 

 

 

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар