Басты жаңалықтар
14 наурыз-Амал мерекесі: Көрісу күні не істеу керек
- автор kyn.kz
- 14 наурыз, 2024
- 1.0k
Амал келді – жыл келді! Бір жастарыңыз құтты болсын!
Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде адамдар бір-бірімен амандасып, жылы лебіздерін білдіріп, ұзақ өмір, саулық тілеп жатыр. Еліміздің батыс өңірінде кең тараған Амал мерекесі бүгінде көктемгі жаңару мен халықтың бірлігінің символы ретінде барша Қазақстанда тойлануда.
Көрісу күні жасы үлкендердің үйіне арнайы барып, сәлем беріп, құрмет көрсету, ақсақалдардан бата сұрау дәстүрге айналған, адамдар бір-біріне кешіріммен қарап, ескі өкпе-реніштерін ұмытады.
Баршаңызға зор денсаулық пен амандық тілейміз!