Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Наурыз 1 жаста: Тоқаевтың үш тазы итінің видеосы жарияланды (видео)

Наурыз 1 жаста: Тоқаевтың үш тазы итінің видеосы жарияланды (видео)
Ақорда Баспасөз қыметі. Суретте: Тоқаевтың тазы иті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды тазысы бар.

Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды тазысы бар, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Ptrkkz мәліметінше, оның бірі – қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды.

Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.

Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар