Нұрлан имам сәресіне тұра алмағандар не істеуі керектігін айтты
- автор kyn.kz
- 14 наурыз, 2024
- 8.3k
Нұрлан Байжігітұлы Ораза айы басталғалы ауыз ашу мен бекітуге қатысты халықтың барлық сұрағына жауап беріп жүр. Солардың ең маңыздысы әрі көпшіліктің көкейінде жүрген "Сәтесіне ұйықтап қалса не істеу керек?" деген сұрақ екен. имам бұл сұраққа өз жауабын айтты.
«Сәресіне ұйықтап қалдыңыз, уақыты шығып кетіпті: кеше жасаған ниетіңізді бүгін қайтадан айтыңыз. Су ішудің қажеті жоқ. Уақыты кірсе жалғастыра бересіз. Егер уақыты кірмей, санаулы минуттар қалса ниетіңізді айтып, сумен бекітіп қойсаңыз болады. Көп адам сумен бекітіліп, сумен ашылады деп ойлайды екен. Жоқ, ораза уақытымен ашылып, уақытымен жабылады.
Сәресі тамақ ішпей, кешке дейін жүргеннен кейін адамның асқазаны тартылып қалып, сол кезде жұмсақтап тәтті нәрсе жеп немесе су ішу – денсаулыққа пайдалы», – дейді имам.