Саясат
«Қалаулым» жобасы неге жабылмайды?: Әшімбаев атышулы бағдарламаға қатысты пікір білдірді
- автор kyn.kz
- 15 наурыз, 2024
- 1.5k
Сенат Төрағасы көпшілік көкейіндегі сұраққа жауап берді.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қалаулым» (қазіргі «Бір болайық») бағдарламасының неге әлі күнге дейін жабылмағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ол бұл бағдарламаның мемлекеттік арнада көрсетілмейтінін алға тартты.
«Қалаулым» («Бір болайық») бағдарламасы мемлекеттік арнада емес қой. Арнаның бір өзіндік саясаты бар шығар. Мәдениет және ақпарат министрлігі де осы мәселеге байланысты ұстанымдарын білдіретін болар. Сондықтан бұл сұрақты сол министрлікке қойған дұрыс, - деп жауап берді Сенат төрағасы.
Айта кетейік, Сенат төрағасы бұған дейін «Хабар» арнасындағы «Бірақ...» бағдарламасы төңіріндегі дауға қатысты пікір білдірген болатын.