Қоғам
+20 градус: синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жасады
- автор kyn.kz
- 15 наурыз, 2024
- 7.8k
Қазақстан аймақтарында күн бірден жылынады
Алдағы үш күнде батыс, солтүстік-батыс, апта соңында Қазақстанның шығысында ,17-18 наурызда Қызылорда облысында ауа райы тұрақсыз болады. Жауын жауып, нөсерлі жауын Қазақстанның батысын, Қызылорда облысында нағыз салқын көктем күтілуде.
16-17 наурыз күндері Маңғыстау облысында нөсерлі жауын күтілуде.
Қазақстанның оңтүстігі 16-17 наурыздан бастап жылы көктемге өтеді. Шығыс, солтүстік қазақстанда көктайғақ, тұман, жел, нөсер күтілуде.
Солтүстік аймақта апта соңында күн 0-8 аралығында жылынады.
Оңтүстік аймақта күн +20 градусқа дейін жылынып, арасында жылы жаңбыр күтілуде.
Алматыда +14 шамасына дейін жылы ауа райы күтілуде. 18 наурыздан бастап оңтүстік аймақтарда күн күрт жылынады.