Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ораза кезінде шөлдемеу үшін мыналарды жасамаңыз – пайдалы кеңес (фото)

Ораза кезінде шөлдемеу үшін мыналарды жасамаңыз – пайдалы кеңес (фото)
Medyatava.com. Суретте: дастархан
Шөлдеу адам ағзасына айтарлықтай әсер етеді – диетолог.

Ораза кезінде шөлдемеу үшін не істеу керек екені белгілі болды, деп жазады Medyatava ақпарат порталына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Шөлдеу адам ағзасына айтарлықтай әсер етеді. Дегенмен, сәресі мен ауызашарда жеген тағам шөлге қарсы тұруда маңызды рөл атқарады. Сарапшы диетолог Шүкрү Джан Гүлшен Рамазан айында шөлдеуден сақтанудың бірнеше жолын ұсынды.

ТАМАҚТЫ АЗ ЖЕҢІЗ

Сәресі мен ауызашарда көп мөлшерде тамақтану ас қорыту процесінде су қажеттілігін арттырады. Бұл зат алмасуды қиындатады және суға деген қажеттілікті арттырады.

АУЫЗАШАРДАН КЕЙІН ШАЙ НЕМЕСЕ КОФЕ ІШПЕҢІЗ

Шай мен кофе  шамадан тыс зәр шығаруға себеп болады. Бұл бүйрек пен ішкі ағзалардың су қажеттілігін арттырады. Сонымен қатар, кофенің құрамындағы кофеин мен теин суды қажет ететін микро маңызды заттар болып табылады. Бұл суға деген қажеттілікті арттырады.

ҚАНТТЫ ЖӘНЕ ГАЗДАЛҒАН СУСЫНДАРДЫ ІШПЕҢІЗ

Кола секілді сусындар ешқашан суды алмастыра алмайды. Бірақ адам сұйықтықты ішкендіктен, су қажеттілігін қанағаттандырады деп ойлайды және суды тұтынуды азайтады. Бұл үлкен қателік. Осы себепті суды тұтынуды көбейту керек.

СУДЫ ЖЕТКІЛІКТІ ІШІҢІЗ

Рамазан айында тамақтану уақыты өзгеретіндіктен, адамдар суды тұтынудан гөрі азық-түлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Бірақ су тамақты қорытуда қолданылатын маңызды зат. Сол себепті сәресі мен ауызащарда кем дегенде 2 литр су ішу керек.

МАЙЛЫ ЖӘНЕ ТҰЗЫ КӨП ТАҒАМДАР ЖЕМЕҢІЗ

Өсімдік және жануар майлары, тұз бен майы бар соустар, кремдер өте қиын қорытылады. Біз тұтынатын судың көп бөлігі олардың қорытылуында рөл ойнайтындықтан суға деген қажеттілікті арттырады. Бұндай тағамдарды ауызашарда өте аз тұтыну керек, ал сәресінде мүлде.

ТҰЗДЫ ТАҒАМДАРДЫ ЖЕМЕҢІЗ

Тұз құрамындағы натрий осмостық қысымда рөл атқаратындықтан суды көп жұтады. Осы себепті суға деген қажеттілікті арттырады, бірақ суды көп пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осы себепті тұзды тағамдардан бас тарту керек.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар