Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы делінген Бақыт Ибрагим өлі күйінде табылды
- автор kyn.kz
- 16 наурыз, 2024
- 1.7k

"Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Аталмыш факті бойынша "өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – делінген хабарламада.
Бақыт Ибрагим Bank RBK қаражатын "алаяқтық жолмен жымқырды" деген күдікке ілініп, 2018 жылдың маусымында Германиядан экстрадицияланған болатын.
Айыпталған акционерді 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін де тәркілеген.
2020 жылы қарашада сотталған Бақыт Ибрагимнің жазасы 7 жылға қысқарған.
Түрмеден босап шыққанына бірнеше ай болған акционер өлі күйінде табылды.
Айта кетейік, басылымдар Бақыт Ибрагимді Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы деп жазуда.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025