Жамбыл облысы тұрғыны: дәрігерлер 4-ші баласына жүкті сіңлімді қолдан өлтірді (видео)
- автор kyn.kz
- 16 наурыз, 2024
- 11.4k
Жамбыл облысының тұрғыны Жуалы ауданындағы ауруханада туған сіңлісі жүктіліктен болатын токсикозбен түсіп, үйіне қайтады деген күні қайтыс болып кеткеніне дәрігерлерді кінәлайды. Сөзінше дәрігерлер көп дүниені жасырып отыр. Одан қалды ашық ақпарат, яғни ем протоколы сынды құжаттарды марқұмның туыстарына беруден бас тартқан, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"8 қаңтар, 2024 жылы менің туған сіңлім 28 жасында 4-ші баласына жүктілікпен Жамбыл облысы, Жуалы ауданындық ауруханасына токсикозбен түседі. 19 қаңтар үйіне қайтарылады деп отырған жерден "қайтыс болды" деген суық хабар келеді. Сіңлім ешқашан денсаулығына шағымданбайтын. Өз аяғымен барған адам гинекология бөлімінде ем алып, жақсы болып, үйге кеткелі тұрған күні ойламаған жерден қайғылы жағдай болды.
Артында 2,4,7 жастағы үш баласы қалды. Сіңлім ауруханаға түскен күні Ашилова Замира Құдайбердіқызы емдеуші дәрігер болып тағайындалды. Ол кісі гинекология бөлімінің басшысы. Менің сіңліме "өз есебіңнен ал" деп ең қолжетімді дәрілерді алғызғн. Күйеу балам барлық дәріні алып беріп, сіңлім 1 апта система алып, жағдайы жақсарады. 13-ші қаңтар күні сіңлім дәрігердің без протокола, без назначение ауызша,сөзбен ксилол 200мл дәрісін күйеуі арқылы алғызбақ болады. Дәріханадан күйеу бала сұраған кезде "бұл дәрі химиялық зат мүмкін аты басқа болар?" дейді.
Марқұмның дәрігер жазып берген дәріні күйеуіне көрсеткен фотосы.
Олар дәріханадан ұқсас дәрілерді сұрайды. Дәріханадағылар "Ксилол емес ксилат шығар?" деп сұрайды. Сіңлім оны дәрігерден анықтап, күйеуі арқылы осы дәріні алдырады. Ол жексенбі күні кешкі уақыт еді. Дәрігерлер сіңліме "Бүгін кеш, дүйсенбі саламыз" депті. Дүйсенбі күйеуімен сөйлескен. Бәрі жақсы деген. "Ксилат салды, бәрі жақсы" деген. Сейсенбі күні сіңлім күйеуіне 13:14-те "Мені больницадан шығарғалы жатыр.Келіп алып кет" деп жазады. 15 минуттан кейін күйеуі бірнеше рет звондаған, ол телефонды мүлде алмай қойған. 14:30 шамасында күйеуі больницаға келген. Дәрігерлер "бәрі жақсы" деп оны үйіне қайтарады. Сол кезде сіңлім жансақтау бөліміне түсіп қалған екен. Комаға түскен.
Одан кейін күйеуі сіңлімнің палатасына заттарын алуға барған кезде, сөмкесіне 3 флакон ксилаттың срогы 2025 жылға дейінгісін салып қойғанын көреді. Сол жерде дәрігерлер "Міне науқасқа бұл дәріні екпедік" деп берген дәрілерді суретке түсіріп алған. Ал сіңлімнің күйеуі дәріні өзі сатып алған. Ол кезде оның срогы 2024 жылдың 10-шы айына дейін екенін оқыған. Бір сөзбен айтқанда дәрігерлер дәрінің орнын ауыстырып қойған. Бейсенбі күні бас дәрігерге барып, емдеу протоколын сұрадым. олар маған прокуратураның рұқсатымен ғана беретінін айтты. Ештеңе көрсетпей қойды",-дейді марқұм Айгүл Айтуғанқызының туған әпкесі Мәншүк Айтуғанқызы.
Марқұмның туған әпкесі бүгінде сіңлісінің артында үш баласы шырылдап қалғанын, оларды қалай жұбатарларын білмей отырғанын айтты. Ал Айгүл Айтуғанқызының қайтыс болғанына екі ай уақытқа жуықтаса да ешқандай медициналық сараптама қорытындысы, дәрігерлерді тергеп-тексеру жұмыстары нәтиже бермей жатқанына өкпелі. Мәншүк Айтуғанқызы ҚР президентінен бастап, Бас прокуратурадан осы істі қадағалауға алуды сұрайды.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар енді дәрігердің қатесі үшін төлем ала алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
Алматыда қолдан жасалған шарап ішкен ер адам уланып қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024