Қоғам
Түркістан облысында 5 жасар Әлихан есімді баланың денесі Келес өзенінен табылды
- автор kyn.kz
- 18 наурыз, 2024
- 2.8k
Әлиханды құтқарушылар мен ауыл тұрғындары бір тәулік бойы іздеді.
Түркістан облысында 5 жасар Әлиханның денесі Келес өзенінен табылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Каналдан табылған мәйіт 2019 жылы дүниеге келген балаға тиесілі болып шықты. Ол - Біртілек ауылының тұрғыны.
5 жасар бала 16 наурыз күні сағат 15:00-де үйінен шығып, қайта оралмаған.
Куәгердің сөзінше каналда бүлдіршіннің аяқ киімі табылған.
ТЖД мәліметінше, 16 наурызда сағат 16.40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтық жердегі судан шығарып алған.