Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Белсенді Дамир Кушеев түсірген видеодан кейін екі жол полицейіне айыппұл салынды (видео)

Белсенді Дамир Кушеев түсірген видеодан кейін екі жол  полицейіне  айыппұл салынды (видео)
Инстаграм: Дамир Кушеев.
Талдықорған-Алматы тас жолында инспекторлардың өздері қызметтік көлікте жол ережесін сақтамаған.

Белсенді Дамир Кушеев Талдықорған-Алматы бағыты бойынша тас жолда жол ережесін сақтамаған полицейлердің қызметтік көлігін видеоға түсіріп алған. Ол жол жи егіне тұрып, қызметтік көліктің жарығы жанбай келе жатқанын, одан бөлек  көлікті жүргізген полицей және оның серігі қауіпсіздік белдігін тақпағанын көрсеткен, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Жол ережесін сақтауды қадағалайтын полицейлердің өздері ережені сақтамай келеді. Алматы облысы полициясынан қос қызметкерін бұзған ережеге сай жауапқа тартуды сұраймыз. Кері байланыс күтеміз",-деп жазған белсенді инстаграмдағы видеоны жүктеген жазбасында.

Желі қолданушылары белсендігі бұл әрекеті бос әурешілік екенін айтқан. Дегенмен белсендінің видеосына қатысты Жетісу полициясы расымен де шара қолданғанын жауап ретінде жазды.

"Қызыметтік көлік шамын жақпағаны үшін, құтқару белдігін пайдаланбағаны үшін видеодағы қос қызметкерге әкімшілік айыппұл салынды. Видео авторына қоғамдық тәртіпке бейжай қарамағаны үшін алғыс айтамыз",-деп жауап қатқан.

Көпшілік белсендінің видеосына полицмя мекемесінен жауап болғанына таңданып қалғандарын жасырмаған.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар