Желіде көмекке зәру адамның видеосын қойып, қайырымдылық сұрайтындардың бәрі шынайы емес. Жиналған қаражаттардың көбі үй алуға, ойынханалар мен шетелден баспана жалға алуға жұмсалыпты.
Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшаларын жолдаған, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттіктің хабарлауынша, түрлі күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банктік карта (краудфандингке) тартылған.
Жалпы жиналған қаржы сомасы 6 млрд теңгені құрады, оның 33% (2 млрд) алаяқтық белгілері бар.
"Қаржы негізінен қайырымдылық мақсатта жиналған. Зиянкестер ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды. Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, "жалған" мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Ұлттық банк доллардың қымбаттауының себебін түсіндірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 қараша, 2024