Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сәтпаев қаласының бұрынғы әкімі Шапағат Әубәкірге сот үкімі оқылды

Сәтпаев қаласының бұрынғы әкімі Шапағат Әубәкірге сот үкімі оқылды
Шапағат Әубәкір
Сотталушылар кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сәтпаев қаласының бұрынғы әкімі Шапағат Әубәкірге сот үкімі шықты, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Шапағат Әубәкір жолды күтіп-ұстауға тендер алуға мөмектескені үшін 10 млн теңгеге жуық пара алды деп күдікке ілінген. Пара берді деген күдікті де сот алдында жауап берді. 

Сотталушылар кінәсін толық мойындап, кешірім беруді сұрады. 

Судья сотталушылардың кәмелет жасына толмаған бар екенін ескере отырып, үкім тағайындады. Алайда бұрынғы әкім 3,5 жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ енді мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығы жоқ.

Сот бизнесменге 20 еселенген айыппұл, яғни 200 млн теңге айыппұл салды. Ол да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар