Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында 40 метр терең құдыққа құлаған келіншек көз жұмды

Түркістан облысында 40 метр терең құдыққа құлаған келіншек көз жұмды
стопкадр видеодан. Құтқарушылар.
Ол үш сағатта ғана жер бетіне шығарылған. Оған дейін құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегі жіберіп отырған.

Түркістан облысында 29 жастағы келіншек тереңдігі 40 метрлік құдыққа құлап көз жұмды. Оқыс оқиға бүгін таңертең Түлкібас ауданындағы Майлытөбе ауылында болған.

Марқұм ашық алаңда тұрған дренаж құдыққа құлаған. 40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегін жіберіп отырды. Арада үш сағат өткен соң беліне арқан байлаған құтқарушылардың бірі тереңде жатқан қызды алып шыққан. Алайда жер бетіне шығарылған келіншек көз жұмды. Қазір оны әлдекімнің итеріп жібергені, әлде байқаусызда құлағаны тексеріліп жатыр. 
 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар