Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Енелерінің үйлерінен кеткеніне қуанған Айдарбекованың қос келіні күлкіге қалды (видео)

Енелерінің үйлерінен кеткеніне қуанған Айдарбекованың қос келіні күлкіге қалды (видео)
www.instagram.com/gulziraaidarbekova
Енелері үйлерінен шығып кете сала екі келіні де орамалдарын көкке лақтырады.

Танымал продюсер Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында қос келінімен түскен видеосын жариялады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Видеода енелері үйден шығып кетеді. Ал есік жабылғаннан кейін қос келіні қуаныштан орамалдарын көкке лақтырады

"Ал мен кеттім, келіндер барлығы осылай қуанады ма екен? Ал сіздер ше келіндер? Шынымен осылай ғой, өздерімен өздері еркіндік. Әзіл ретінде түсірдік", - деп жазба өалдырған продюсер.

Желі қолданушылары болса әзілі жарасқан енесі мен келіндерінің бұл қылығына риза боп, оларға жылы лебізін білдірді.

"Бәріміз де осылай қуанамыз", "Шыны керек өмірден алынған сюжет қой", "Күліп тоқтай алмай жатырмыз", "Гүлзира ханым нағыз заманауи ене", "Осы отбасының өзара татулығына тәнтімін", "Келіндерімен әзілдесіп те, трендтен де қалмайды өзі", "Жарайсыз, нағыз көреген, көзі ашық, жүрегі кең кісі", - деп жазды олар.  

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар