Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

55 жасында «жүкті» болған әйелге қатысты тың дерек шықты

55 жасында «жүкті» болған әйелге қатысты тың дерек шықты
"көреміз" стопкадр. Ұлдана Есенова.
Дәрігер жұрттың көзінше әйелдің ішін құрылғымен тексеріп, дауға нүкте қойды.

"Көреміз" бағдарламасына келген 55 жастағы Ұлдана Есенова жүкті екенін дәлелдей алмай жүр, деп жазған болатынбыз.

Ол ішінде 12 айлық бала бар екендігіне сенімді. Алайда дәрігерлер оның ішінде баланың жоқ екенін айтты. Ал әйелдің туыстары "Ұлдананың балалары "УЗИ аппаратынан көрінбейді", деп ашығын айтуда.

Токсикоз болды. Мамыр айында қимылдады. Содан сезе бастадым. Ішім өсе бастады. Салмақ қосып бастадым. 6-7 айда аяғым істі. Қазан айының соңы деп есептедім өзім, босанатын уақытты. Қараша айында толғатып көп жүрдім. Түнде толғатамын, күндіз қояды. 1 ай толғатып жүрдім. Табиғи жолмен босана алмадым,- дейді Ұлдана Есенова.

Ал жергілікті дәрігерлер баланың жүрек соғысы естілмегендіктен, әйелдің баласы жоқ деп отыр. "Көреміз" бағдарламасына арнайы КТГ аппаратпен келген дәрігер әйелді тексеру барысында, ішінде нәресте жоқ екендігін айтты.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар