"Сол ақшаға зауыт ашса ғой": Байырбекова елтаңба ауыстыруға қарсылығын білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 наурыз, 2024
- 888
Қазақ эстрадасының жұлдызы Жазира Байырбекова саяси мәселелерге араласып, көп сын айта бермейтін өнер адамды. Алайда осы жолы оның шыдамы шегіне жеткен секілді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Біреудің ақшасын, табысын санаған өте жаман екенін білемін. Сонда да елтаңбаны ауыстырғанға жұмсайтын қаражатты мақта, тері, ыдыс өндіріп шығаратын фабрикалар мен зауыттар ашса ғой деп ойлаймын тыныш жүрмей. Мысалы біз балаларымызға Мәскеуден келді деп алып жүрген киімдер Өзбекстанда өндіріледі. Халық дәрігерге көрінуге Өзбекстанға барып жатыр. Лимон, қызанақ секілді жеміс-жидектерді "Ташкенттен әкелгенін беріңізші" деп сұрайтын болдық. Бұрындары Қапшағайда шәйнек, кеселер, Таразда шұжықтар, Түлкібаста алмалар, Қарағандыда кәмпиттер, Шымкентте костюм-шалбарлар шығарылатын еді", - деп жазды ол Insytagram-парақшасына.