"Ерте ұйықтайды": Айтжанов жарыс алдында боксшыларға қандай шектеу қойды?
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 наурыз, 2024
- 459
Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италиядағы лицензиялық турнир кезінде спортшыларға қандай шектеу қойғанын айтты, деп жазады Sportbugin.kz-ке сілтеме жасап KYN.KZ тілші.
«Бірінші кезекте, барлығы ерте ұйықтайды. Тәртіп керек.
Телефон пайдалануға шектеу қойдым. Жеке бапкерлері де, құрама бапкерлері де спортшылардың жүріс-тұрысын қадағаладық.
Туған-туыстарымен сөйлесуге, үйленген жігіттердің жұбайларымен сөйлесуіне уақытша шектеу қойдық.
«Дәл қазір жарысты ойлауымыз керек», — дедім. Себебі, сәл ғана эмоцияның өзі жекпе-жекке әсер етуі мүмкін. Артық сөйлесу, артық қуану, болмашы қоңыраулардың салдары болады. Сондықтан шектедік», — деді бас бапкер.
Еске сала кетейік, Италиядағы лицензиялық жарыста бокстан Қазақстан құрамасы 5 жолдама жеңіп алды. Қазақстан сапынан Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай(92 келі) лицензия иеленді.
Бұдан бөлек, аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев жазғы Азия ойындарында жолдама жеңіп алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
«Әке» деді»: Илья Ильин қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 29 қазан, 2024