Тұрсынбаева өзі жайлы жағымсыз ақпарат таратқан блогерден дұғаның күшімен құтылғанын айтты
- автор kyn.kz
- 19 наурыз, 2024
- 6.4k
Айтыскер ақын әрі танымал коуч Айнұр Тұрсынбаева "Теңдессіз дұға" жобасына берген сұхбатында дұғаның күші мықты екеніне мысал айтты. Ол өз өмірінде болған келеңсіздіктерді үнемі дұғаның күшімен жоюға тырысатынын тілге тиек етті. Тіпті өзін танымайтын, жат адамның қаралауынан сақтанған кезін есіне алды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Бір блогер кісі менің соңыма түсіп алды. "Мынаны тыңдамау керек, мынау оңбаған, халықты тонап, шетелге кетіп" (деп - еск.) күнде мен туралы пост жазады. Содан сізге адам тиісе берсе не істеуге болады деп айтқан болатынмын. Сіз егер бір адам сізге тиісіп жатса, ол адам сіздің дұғаңызға мұқтаж деп айтқан болатынсыз. Мүлдем түсінген жоқпын.
Дұғасына мұқтажы несі деп... Ол исламнан алыс адам, оған дұға мүлде керек емес деп. Ол мені жек көреді, өзі тиісіп жүрсе, мен оны жек көріп тұрсам, мен оны көргім келмей тұрса, қалай дұға жасаймын деген ой болды.
Бір күні нәпсімді сындырып, дұға жасадым. Кейін ол адам да өз-өзімен кетті, мен де өзіммен-өзім кеттім. Ол кісі қатты танымал емес, бірақ ел жібере береді. Қалай дұға жасап бастадым, ол кісі менің көз алдымнан жоқ болып кетті, менің миымнан да шығып кетті", - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
«Анамның кастингінен өтті»: Бүркіт Аишаны қалай таңдағанын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024