Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Белгілі спорт журналисі шашын көкке бояуға бәстесті (видео)

Белгілі спорт журналисі шашын көкке бояуға бәстесті (видео)
Коммент.Шоу Казахстан Youtube арнасынан скриншот. Суретте: Есей Жеңісұлы
Бағдарлама жүргізушісі Әлімжан Асқар болса, шашын сары мен көк түске боямақ.

Белгілі спорт журналисі әрі комментатор Есей Жеңісұлы футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алса, шашын көк түске бояуға дайын екенін айттығ деп жазады Коммент.Шоу Казахстан Youtube арнасына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Бағдарлама жүргізушісі Әлімжан Асқар комментатор Есей Жеңісұлынан "Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алып жатса, сізден қандай жанкештілік күтуге болады?" деп сұрақ қояды. Жеңісұлы бұл жайлы ойланып көрмегенін айтып жатқанда, Дидар Есемов шашын көк түске бояуды ұсынады. Жеңісұлы бұған келісім береді. Сондай-ақ бағдарлама жүргізушісі Әлімжан Асқар ұлттық құрама Еуро-2024 турниріне өтетін болса, шашын сары мен көк түске, ал бағдарлама қонағының бірі Ербол Қаиров шашын сары түске бояйтын болды. Дидар Есемов Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына қатысса, сол турнир аяқталғанша салмақ тастауға сөз берді.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекияға қарсы ойын өткізеді. Матч сағат 00:45-те басталады және "Qazsport", "Qazaqstan" телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Осы ойында Қазақстан құрамасы жеңсе, Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салмақ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар