Қоғам
Кіру тегін: 20 наурыз Ұлттық спорт күні қандай іс-шаралар өтеді?
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 наурыз, 2024
- 1.6k
Іс-шара аясында көкпар, аударыспақ секілді шеберлік сыныптары өтпек.
20 наурыз күні Наурыз мейрамын тойлау аясында Астанадағы "Арғымақ" ат-спорты кешенінде ұлттық спорт күніне арналған "НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні" мерекелік іс-шарасы өтеді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланған.
"Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі және мерекелік концерттік бағдарлама өтеді", – делінген хабарламада.
Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Астана қаласының әкімдігімен бірге ұйымдастырмақ. Кіру тегін.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда жүргізуші үстінен жағымсыз иіс шыққан кейуананы автобустан түсіріп жіберген
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2025




