Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 наурыз, 2024
- 533
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сот үкімі шықты, деп жазады KYN.KZ тілшісі
Депутат Ермұрат Бәпи Facebook парақшасындағы жазбасына сүйенсек, Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылған.
"26 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды", – делінген жазбада.
Еске сала кетейік, Самат Әбіш ұсталған ҰҚК бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер болған. Былтыр шілдеде ҰҚК одан куәгер ретінде жауап алынғанын хабарлады. Алайда Ұлттық қауіпсіздік органдары Әбішке қатысты қылмыстық іс тіркеген жоқ, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалмады.