Қоғам
"Дискотекаға ұласып кетпеуі керек": Нұрлан имама ауызашардың қалай өтуі керек екенін әңгімеледі (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 наурыз, 2024
- 1.0k
Бағдарламада ораза, сәресі, ауызашардың әдептері, сауап жинау мәселесі және тойға айналған ауызашар жайлы айтылды.
«Ораза қабыл болсын!» бағдарламасында дінтанушы Нұрлан Байжігіт ауызашардың қалай өтпеуі жайлы әңгіме қозғажы, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
«Ауызашар уақыты бұл тек тамақ ішетін кез емес, бұл күнәнің төгілетін сәті» дей келе тойға айналған ауызашардың мәні мен маңызына тоқталды.
Жалпы, жүз, екі жүз адамның басын қосып берілетін ауқымды ауызашарда Жаратқанды, пайғамбарды ұлықтайтын салауатты, қазақтың жыр-термелері, ән-күйлері, жарапазан немесе Құран жаттаудан жарыс, терме айтудан сайыс, Отанды сүю, тәрбиелі ғибраттар, ұлттық ойындар ойнатылса, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Бастысы, «90-ның дискотекасы» деп арты тарсыл-гүрсілдің биіне ұласып кетпеуі керек, - деді Нұрлан Байжігітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024