Спорт
"Нәпақа табу үшін Америка асқан": шетелде қаза тапқан балуанның бапкері оның спортты тастап кеткенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 наурыз, 2024
- 5.1k
Мұхамбет 16 наурыз күні Америкада көз жұмды. Бүгінде спортшының денесін елге әкелу мәселесі шешілуде.
Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбектің қазасына өз пікірін білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.
Sportbugin.kz-тің мәліметінше, Мұхамбет 16 наурыз күні Америкада көз жұмды. Бүгінде спортшының денесін елге әкелу мәселесі шешілуде.
«Бұл балуанның қазасы бәрімізге ауыр тиді. Ол ұлттық құрамада болмаған. Себебі, жастайынан күресті тастап кеткен. Нәпақа табу үшін Америка асқан екен.
Иә, қазір көптеген балуан шетелге күнкөріс үшін кетуде. Америкаға не үшін кетеді? Әрине, күнкөріс үшін.
Марқұм балуанның бапкері де спорттан бизнес саласына ауысқан», — деді Құрамысов.
Айта кетелік, Мұхамбет Қуатбек 2014 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы.