Қоғам
Маңғыстау облысында қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізушінің кесірінен 2 адам көз жұмды
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 наурыз, 2024
- 404
Оқиға Мұнайлы ауданындағы Южный тасжолында болған.
24 наурызда Маңғыстау облысында жол апаты боп, екі адам қаза тапты. Жергілікті полиция департаменті қайғылы оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Оқиға Мұнайлы ауданындағы Южный тасжолында болған.
"Өте қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқан Kia көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Lexus көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Kia көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты", - деп хабарлады облыстық полициядан.
Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.