Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Сойылмен аямай ұрған": Қонаев қаласында 18 жастағы студент қыз ажал құшты (фото)

"Сойылмен аямай ұрған": Қонаев қаласында 18 жастағы студент қыз ажал құшты (фото)
instagram.com/news.qaz
Туыстарына оның мәйіті 21 наурызда табылғанын хабарлады.

Сойылмен аямай ұрған: Қонаев қаласында 18 жастағы студент қыз ажал құшты

Марқұмның әпкесі қылмыскерлер жазадан құтылып кете ме деп қауіптеніп, #НемолчиKZ қорына жүгінген, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

News.qaz-дың мәліметінше,  марқұм небәрі 18 жаста, есімі Жаннұр, колледжде аспазшы мамандығы бойынша оқитын. Туыстарының айтуынша, күдіктілердің төртеуі де Қонаевтықтар, олар 18-21 жас аралығындағылар деп болжануда. Қыз қылмыскерлердің бірімен жақында, шамамен екі апта бұрын танысқан. Ал қылмыс 14-15 наурыз аралығында орын алған. «Олар қыздың телефонын алып, атынан несие алып, қала сыртына алып шығып, сойылмен аямай ұрып-соғып, Бақанас жақтағы далада қалдырып кеткен. Туыстарына оның мәйіті 21 наурызда табылғанын хабарлады», - деп мәлімдеді қор.

Үлкен әпкесі мәйітті өзі мәйітханалардан іздегенін айтты, өйткені оның нақты қай жерде екенін ешкім айтпаған. Оның айтуынша, денесі жан түршігерлік көгерген, бетінде тірі жер болмаған, қолында байлау іздері болған.

Қонаев полициясы күдіктілерді ұстады, бірақ туыстарының айтуынша, екеуі ғана ұсталып, екеуі бостандықта жүр. Туыстары қылмыскерлер жазадан құтылып кете ме деп қауіптеніп отыр. Күдіктілердің қазірдің өзінде екі адвокаты бар, бірақ марқұмның мүддесін қорғар ешкім жоқ.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар