Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"30 бала дүниеге келді": "Бір болайық" жүргізушісі Шаһ-Керім қатысушылардың жалақысы туралы айтты (видео)

"30 бала дүниеге келді": "Бір болайық" жүргізушісі Шаһ-Керім қатысушылардың жалақысы туралы айтты (видео)
Видеодан скриншот: Шаһ-Керім Кәрмен
Тіпті қатысушылардың шынайы өмірде шаңырақ көтеріп, бүгінде осы жобаның нәтижесінде 30 бала дүниеге келген екен.

"Бір болайық" жүргізушісі Шаһ-Керім  Кәрмен бағдарлама қатысушыларының жалақысы жайлы айтты. Оның пікірінше, жобаға өатысу үшін әрбірі кем дегенде 8 сағатын жұмсайды күніне.

"Үйінен эфирге келіп, эфирден үйіне кетуді кем дегенде қамтамасыз ету парызымыз деп ойлаймын. Төленеді болғанда, бұл бір жалақы ретінде емес, мысалы, біз журналистік іс-сапарға шыққан кезде өзің жұмсаған ақшаңның есептерін жинап алып, бухгалтерияға өткізіп, соның қайтарымын алуға мүмкіндіктер болатын еді, кезінде ұлттық арнада жұмыс істеп жүрген кезде. Тура сол сияқты жүйе. Қазір Алматының өзінде бір жақтан екінші жаққа келудің өзі – 3 мың теңге, әрі қарай қайтадан кетуінің өзі – 3 мың теңге, кем дегенде сол жол ақысын біз өтейміз. Ал былай "Мынау сенің қатысушы болғаның үшін жалақы" деген сияқты дүниені төлемейміз. Бұл ақшаны алып, байып кететін дүние емес. Одан кейін түскі асты да бағдарлама ұжымы береді. Студияға келген кезде өзіміз міндетті түрде тамақтандырамыз", – деді ол.

Сондай-ақ тележүргізуші түскі астарын беріп, ақыларының да төленіп жатқанын жеткізді. Тіпті қатысушылардың шынайы өмірде шаңырақ көтеріп, бүгінде осы жобаның нәтижесінде 30 бала дүниеге келген екен.

"Тіпті, үміткері ұнамай, жобада қалған қатысушылар басқа адамдарға сезімі оянып, шаңырақ көтерген. Жобадан шығып жатқандармен де хат-хабар алмасып тұрамыз. Ажырасып кетсе, жүрегіміз ауырады. Жеке өздеріне хабарласып, татуластыруға тырысамыз", – дейді Шаһ-Керім.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар