Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ресей халқы тәжік такси жүргізушілеріне бойкот жариялап жатыр

Ресей халқы тәжік такси жүргізушілеріне бойкот жариялап жатыр
Sxodim.com. Суретте: такси
"Егер тәжік болсаң, сенімен бармаймын. Сапардан бас тарт" деген клиенттер мен жүргізушілердің диалогы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Ресей халқы тәжік такси жүргізушілеріне бойкот жариялап жатыр, деп жазады  Наша газета сайтына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі. 

"Егер тәжік болсаң, сенімен бармаймын. Сапардан бас тарт" деген клиенттер мен жүргізушілердің диалогы әлеуметтік желіде тарап жатыр.  

Кейбірінің пікірінше "Крокустағы" қырғынды ұйымдастырудағы мақсат та ұлтаралық араздықты тудыру деген пікірді алға тартады. 

Еске салайық, 22 наурызда Мәскеудегі “Крокус сити холлдағы” терракт салдарынан қаза тапқандар саны 152-ге жетті. Лаңкестер 18 минут болған ғимараттан 5 мыңға жуық адам эвакуацияланған. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар