Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Оянсам хиджабым да, киімім де шешулі": Алматыда 19 жастағы студент саябақта арын таптаған жігітті әшкереледі (видео)

"Оянсам хиджабым да, киімім де шешулі": Алматыда 19 жастағы студент саябақта арын таптаған жігітті әшкереледі (видео)
"Көреміз" бағдарламасынан скриншот. Суретте: Бинұр
Десе де Бинұр ол күні полицияға шағымданбаған.

19 жастағы Шымкент қаласының тумасы Бинұр есімді әл-Фарби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі мамандығында оқып жатқан студент қыз Алматыдағы дәмханалардың бірінде даяшы боп жүргенде танысқан  Мағжан есімді жігітке қалай алданғанын айтып, "Көреміз" бағдарламасынан көмек сұрады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Ол сол Мағжан екеуі "Атакенттің" арт жағындағы саябаққа кешкі 9-дар шамасында құрбысымен кездесуге барады. Бойжеткеннің ең қиын күні де сол кезде болады.

"Жұмыстан ауырып шықтым. Сосын құрбым 12-де шығатын болған жұмыстан. Соны күте тұрам дедім. Сол кезде ол бала сені шығарып салайын деді. 2023 жылдың мамыр айы болатын. Талып қалдым. Жалпы неврологиялық аурумен ауырам. Эпилепция. Қанша уақыт бойы ес-түссіз жатқанымды білмеймін. Бірақ оянған кезімде, негізі хиджабта болатынмын. Орамалым шешулі, киімдерім шешулі. Сол баланың алдында отырмын", - деген ол арының сол күні тапталғанын айтады. 

Десе де Бинұр ол күні полицияға шағымданбаған. Мағжан болса, оған көңілі бар екенін айтып алдарқатқан және екеуі қыз бен жігіт боп жүріп жүрген. Уақыт өте Мағжанның ақша сұрау басталған. Бинұр өз әкесінен 800 мың теңгеге дейін ақша берген. 

8 рет өзіне қол жұмсаған Бинұр әрі арым тапталды әрі басымды қарызға тықты деп бағдарламадан көмек сұрайды. Сондай-ақ ол өзі сияқты басқа да қыздардың алданғанын қаламайтынын айтты. Мақсаты - Мағжанды жазалау. Материалдық және рухани күйзелісінің орнын осылай ғана толтырмақ.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар