Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бишімбаевтың сотында фото, видео түсірілмейтін болды

Бишімбаевтың сотында фото, видео түсірілмейтін болды
Фотограф Адильбека Тауекелова. Суретте: Қуандық Бишімбаев
Сондай-ақ, ол отырыста қандай әрекеттерге тыйым салынатынын атап өтті.

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Перизат Сәдуақас әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

"Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылады. Осыған орай, кеше алқабилер алқасына іріктеу тәртібі түсіндірілді. Қазақстан Республикасының соты ең алдымен істерді заңдылық, заң мен сот алдындағы барлығының теңдігі, тараптардың теңдігі және ашықтық қағидаттарын сақтауға бағытталғанын атап өткім келеді. Өздеріңізге мәлім, Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан ашық Онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - деп жазған ол. 

Сондай-ақ, ол отырыста қандай әрекеттерге тыйым салынатынын атап өтті.

Алқабилер алқасын ықтимал қысымдардан қорғау, соның ішінде олардың жеке басын анықтауға жол бермеу үшін алқабилер алқасын фото және бейнежазбаға түсіруге жол берілмейді;

Залда жүруге, процесс аяқталғанша залдан шығуға, шу шығаруға, сөйлесуге (бір-бірімен, телефонмен), процеске қатысушылардың назарын бөлуге болмайды!

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар